Жапонияда Қытайдан шыққан короновирусты жұқтырған бір адам анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда Қытайдан шыққан короновирусты жұқтырған бір адам анықталды

16.01.2020

Жапонияда қытайлық жаңа типтегі коронавирусты жұқтырған ер адам анықталды. Мұны елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлап отыр. 30 жастағы науқас жақында осы жұқпалы аурудың ошағына айналған Қытайдың Ухань қаласына барып қайтқан. Соңғы мәліметке сәйкес, ол тиісті ем-дом қабылдап, ауру белгілері басылған соң, үйіне қайтарылды.

Айта кетсек, желтоқсанда Қытайдың Ухань қаласында пневмония жаппай тарады. Оның қоздырғышы – коронавирустың ғылымға беймәлім жаңа түрі. Бүгінге дейін оны жұқтырып, өкпесі қабынған 41 адам тіркеуде тұрса, 1 науқас қайтыс болған. Қазір дертті жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған адамдардың барлығы бақылауға алынып, ауру қоздырғышы жіті зерттеліп жатыр. Жаңа вирус ауа арқылы тарайтындықтан, жергілікті билік тұрғындарға сақ болуды ескертіп отыр. 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ



Хабарламаларға жазылу