Ресей билігіндегі партия Мишустинді қолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей билігіндегі партия Мишустинді қолдады

16.01.2020

Ресейдің «Единая Россия» партиясы жаңа премьер-министрдің кандидатурасын бір ауыздан мақұлдады. Михаил Мишустинді үкімет басшылығына президент Владимир Путин ұсынған еді. 

Мемлекеттік дума оны министрлер кабинетінің жетекшілігіне тағайындау мәселесін бүгін дауысқа салды. Айта кетсек, Ресей парламентіндегі мандаттардың көбіне биліктегі партия ие. 

Енді Путин Мишустинді осы лауазымға біржола бекітуі керек. Содан кейін Ресейде жаңа үкімет құрамы жасақталады. 

53 жастағы Мишустин бұған дейін Федералдық салық қызметін басқарған. Ал бұрынғы премьер Дмитрий Медведев сәрсенбі күні президент конституцияға өзгеріс енгізу туралы ұсыныс жасағаннан кейін отставкаға кеткені белгілі.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу