Болашақ ғалымдар балабақшадан бастап даярланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Болашақ ғалымдар балабақшадан бастап даярланады

16.01.2020

Болашақ ғалымдар балабақшадан бастап даярланады. Елордалық тәрбиешілер білім берудің жаңа тәсіліне көшті. Осылайша мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер жаңа ғылым жүйесін, иновациялық технологияның қыр-сырын мектепке дейінгі мекемеде үйренбек. Мұндай тәжірибе биыл үшінші рет ұйымдастырылған «Табыстылық кластері» тақырыбындағы Республикалық семинарда айтылды. Жаңа әдісті баладан бұрын тәрбиешілер мен ұстаздардың жетік меңгергені абзал. Бұл мақсатта елордадағы серіктес мекемелермен қоса, Қостанай, Қарағанды қалаларындағы бала-бақша жетекшілері де қатысып, бірнеше бағыт бойынша тәжірибе жинады. Оның қатарында интелектуалды ойындар, асық ату, құм терапиясы, интерактивті құрылғыны қолдану әдісі, зертхана жұмысы бар. 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ



Хабарламаларға жазылу