АҚШ-та ұшақтың әуе отыны мектепке төгіліп, балалар зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та ұшақтың әуе отыны мектепке төгіліп, балалар зардап шекті

15.01.2020
АҚШ-та ұшақтың әуе отыны мектепке төгіліп, балалар зардап шекті

Оқиға 14 қаңтарда болған. Лос-Анджелестен Шанхайға бағыт алған Delta 89 рейсі әуеге көтерілгенде қозғалтқышы сынып, экипаж шұғыл түрде қайта оралу туралы шешім қабылдаған. Ал әуе кемесі қонбастан бұрын салмақты азайту үшін реактивті отынын жерге төккен. Авиакеросин қала шетіндегі алты мектеп орналасқан аймаққа, атап айтқанда балалар алаңына шашыраған. 

Осы оқиғадан кейін 60 адам медициналық көмекке жүгінген. Олардың арасында балалар да бар. Зардап шеккендердің терісі тітіркеніп, тыныс алуы қиындаған. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Айта кетейік, лайнер сәтті қонды, жолаушылар мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ.

bbc.com Фото: Reuters

Хабарламаларға жазылу