Жамбыл облысында екі адамды пойыз қағып кетті
Жамбыл облысында екі адамды пойыз қағып кетіп, абайсызда ажал құшты. Қайғылы жағдай Бел станциясы маңында болған. Алматы- Ақтөбе бағытындағы жолаушылар пойызы екі ер адамды қағып кеткен. Ауыр жарақаттан оқиға орнында көз жұмған қос азамат темір жол мекемелерінің бірінде еңбек еткен. Қазір соталды сараптама тағайындалып, тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Павлодар қаласында да ер адам тепловоздың астында қалып, қаза тапты. Оқиға орнына жедел жәрдем шұғыл жеткенмен, дәрігер құтқарып қала алмады. Адам өлімінің нақты себебі арнайы сараптамадан кейін белгілі болмақ.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ, Болат АМАНБАЙ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Психолог: Баланың интернетке тәуелділігін ерте анықтаған абзал
21.07.2026, 20:29
Құрылтай сайлауы – жаңа саяси кезең
21.07.2026, 20:27
Әскери оқу орындарына түсуді қалайтын жастар саны артып келеді
21.07.2026, 20:25
Әлеуметтанушы: Той өткізу мәдениетіне өзгеріс керек
21.07.2026, 20:19
Абай облысында қайтарылған активтер есебінен 27 нысан салынып жатыр
21.07.2026, 20:18
Ұлт ғылымының ұлы тұлғасы
21.07.2026, 20:17
Әскер туралы жалған ақпарат таратқан азамат сотталды
21.07.2026, 20:14
Телемедицина жүйесін дамыту жұмыстары жалғасып жатыр
21.07.2026, 20:11