Иранда украиналық ұшақ апатына байланысты кінәлілер тұтқындалып жатыр

14.01.2020

Мұны осы ел сот жүйесінің өкілі Голамхосейн Эсмаили бүгін мәлімдеді. Ал, президент Хасан Рухани лайнердің абайсызда құлатылуын «кешірілмес қателік» деп атап өтті. Және де ол осы оқиғаға кінәлілердің жауапқа тартылатынын ескертті.

Тегеранда украиналық «боинг» қаңтардың 8-де апатқа ұшырап, 176 адам мерт болды. Құрбандардың көбі – ирандықтар еді.

Жергілікті тұрғындар болса, әуе машинасының құлатылуын бірнеше күн бойы жасырғаны үшін наразылық акциясын өткізіп, биліктен отставкаға кетуін талап етті.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу