Шығысқазақстандықтарды өңірдің экологиялық ахуалы алаңдатып отыр

14.01.2020

Бұл мәселені тұрғындар Мәжіліс депутаты Василий Олейник және Евгений Козловпен кездесулерінде көтерді. Бүгін депутаттар Ұлан ауданындағы жиһаз жасайтын кәсіпорын жұмысымен танысты. Осыдан 20 жыл бұрын шағын цех ретінде ашылған компания мемлекеттік қолдаудың арқасында еліміздегі заманауи зауыттың біріне айналды. Қазір мұнда 50 адам еңбек етеді. Таврия кентінде болған кездесуде тұрғындар депутат Василий Олейникке өздерін мазалаған сауалдарын жолдап, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.  

Берік КӨШЕРБАЙ

Хабарламаларға жазылу