Полигоннан зардап шеккен азаматтарды оңалту туралы заң жетілдіруді қажет етеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Полигоннан зардап шеккен азаматтарды оңалту туралы заң жетілдіруді қажет етеді

14.01.2020

Полигоннан зардап шеккен азаматтарды оңалту туралы заң болғанымен, жетілдіретін тұстары өте көп. Шығыс Қазақстан тұрғындарының айтуынша, сынақ болған өңірде тұратын халыққа берілетін әлеуметтік төлемдердің көлемі тым аз. Ал медициналық көмек лайықты деңгейде емес. Сондықтан жұртшылық заңды қайта қарастырып, көмек көлемін арттырып, зейнетке шығу жасын қысқартуды сұрап отыр. Бұл Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильяновпен болған кездесуде халық тарапынан ең жиі көтерілген мәселенің бірі. Депутат шығыс өңірдегі 7 ауданда болып, 22 елдімекенде халықпен кездесті. Жұртшылық медициналық қызмет, жол сапасы, ауыз су мәселесі сынды түрлі түйткілдерді халық қалаулысына тікелей жеткізді.

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу