Венециядағы каналдар құрғап қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Венециядағы каналдар құрғап қалды

14.01.2020
Венециядағы каналдар құрғап қалды

Венециядағы каналдардың суы тартылып қалды. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, өткен аптада каналдардағы су деңгейі жарты метрге дейін төмендеген. Салдарынан каналдар құрғап жатыр.

2019 жылдың қараша мен желтоқсан айларында қала су тасқынынан зардап шеккен еді. Венецияның 70%-ы су астында қалған болатын. Алайда табиғат қайтадан тосын мінез танытты. Бұл жолы қайықшылар шығынға батты.

Фото: Reuters

Хабарламаларға жазылу