Ақтауда 70 жастағы қария тұрғын үйдің екінші қабатынан құлап, мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда 70 жастағы қария тұрғын үйдің екінші қабатынан құлап, мерт болды

13.01.2020
Ақтауда 70 жастағы қария тұрғын үйдің екінші қабатынан құлап, мерт болды

Оны 5-ші шағын аудандағы 39-үйдің артында қансырап жатқан жерінен тұрғындар көріп, дереу жедел жәрдем қызметіне хабар берген. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз хатшысының хабарлауынша, телефон таңертеңгі сағат 8:40 шамасында соғылған. Жедел жәрдем бригадасы 10 минутта оқиға орнына жетті. 

«Дәрігерлер сол жерде әйел адамның сол жақ білек сүйегінде жабық сынық, ұршық сүйегінің сол және оң жағына зақым келгенін анықтады. Қария шұғыл түрде Маңғыстау облыстық ауруханасынның қабылдау бөлмесіне жеткізілді. Өкінішке қарай, сағат 9:45 шамасында есін жимай, көз жұмды»,-дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұрбол Окуов. 

Ал облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әзірге бұл іс тергелуде. «Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабына сәйкес сотқа дейінгі бірыңғай тізілімге тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды»,-дейді облыстық полиция басқармасы баспасөз қызметінің басшысы Айгерім Ибатуллаева.

inform.kz


Хабарламаларға жазылу