7 мемлекет БҰҰ Бас ассамблеясында дауыс беру құқығынан айырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

7 мемлекет БҰҰ Бас ассамблеясында дауыс беру құқығынан айырылды

13.01.2020
7 мемлекет БҰҰ Бас ассамблеясында дауыс беру құқығынан айырылды

Венесуэла, Гамбия, Йемен, Лесото, Ливан, Тонга Корольдігі және Орталық Африка Республикасы Бас Ассамблеяның сессиясында дауыс бере алмайды.Өйткені, олардың соңғы 2 жылдағы қарыздары шектік деңгейден асып кетті. Бұл туралы БҰҰ-ның ресми сайтында мәлімдеді. 

Дауыс беру құқығынан айыру БҰҰ Жарғысының 19-бабында қарастырылған. 

Ең көп қарызға батқан Венесуэланың БҰҰ-ға берешегі 21 миллион доллардан асып кеткен. 

Борышкерлер тізімінде Комор, Сомали, Сан-Тома және Принсипи де бар. Бірақ Бас ассамблея оларға 74 сессияның соңына дейін дауыс беру құқығын қалдырды.

Хабарламаларға жазылу