Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің іске асу барысы жайында жиын өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің іске асу барысы жайында жиын өтті

10.01.2020

Бірінші қаңтардан бастап еліміздің денсаулық сақтау саласында жаппай міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қолданысқа енгізілді. Жаңа жүйенің пилоттық жобасы Қарағанды облысында өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап сынақтан өткізіліп, оң нәтиже берді. Облыстағы еңбек ететін 395 мың тұрғын жүз процент міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелді. Ал 830 мың адам айрықша санаттағы азаматтар тізімінде. Өңірде 90 мыңнан астам адам өзін өзі қамтып отыр. Олар үшін арнайы төлем терминалдары қарастырылған. Кез келген уақытта жарна төлеуіне болады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қанатқақты жобаны іске асыруға 2,3 миллиард теңге бөлінген.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу