Call-орталығына хабарласатындардың көп бөлігі Ішкі істер органдарына шағымданады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Call-орталығына хабарласатындардың көп бөлігі Ішкі істер органдарына шағымданады

10.01.2020

Қазақстандықтар 1424 Call-орталығына көбінесе Ішкі істер органдарының жұмысына шағымданады екен. Былтыр 300-ден адам телефон арқылы полицейлердің әрекеттеріне арызданыпты. «Қара тізімде» білім беру мен әлеуметтік қорғау салалары да бар. Халық осы үш салада жұмыс істейтіндердің пара сұраудан бөлек қызметін асыра пайдаланатынын айтып берген. Жалпы, жемқорлық жайлы телефон арқылы хабарлайтындар саны артып келеді. Былтыр 1424 Call-орталығына 4500 мыңнан астам қоңырау шалынса, соның мың фактісі жемқорлық әрекеті болып тіркелген. 2018 жылмен салыстырсақ, бұл - жоғары көрсеткіш. Өйткені ол жылы 353 рет қана қоңырау шалынған екен. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мұны кол-орталығына деген сеніммен байланыстырып отыр. Халық арасынан шыққан күрескерлердің кейбірі ақшалай алғысқа да ие болған. Қоңырау шалып, заңбұзушылық туралы хабарлағандардың тоғызына жалпы көлемі 1,5 млн теңгедей сыйақы берілген. Өткен жылдың қорытындысын шығарған агенттік өкілдері жемқорлық жайлы ең көп хабарлайтын белсенді өңірлерді де атап берді.

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу