Абхазия Парламенті президенттен отставкаға кетуді талап етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абхазия Парламенті президенттен отставкаға кетуді талап етті

10.01.2020

Жергілікті тұрғындардың кейбірі шеруге шығып, Үкімет ғимаратына басып кіруге әрекет жасап жатыр. Олардың сөзінше, республика басшысы қыркүйекте өткен сайлаудың нәтижесін бұрмалап, билікке қайта келді. 

Айта кетсек, Абхазия Грузиядан Кеңес одағы құлағаннан кейін бөлініп кетті. Алайда Тбилиси оны өзінің бір бөлігі деп есептейді. Ал, 2008 жылғы соғыстан кейін Ресей Абхазияның тәуелсіздігін мойындап, оның аумағына өз әскерін шоғырландырды. 

Республика президенті Рауль Хаджимба болса, оппозицияны мемлекеттік төңкеріс жасамақ деп айыптап, жағдай тіпті шиеленіссе, аймақта төтенше жағдай жариялайтынын ескертіп отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу