Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, академик Ө.Айтбайұлы өмірден озды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, академик Ө.Айтбайұлы өмірден озды

09.01.2020

Саналы ғұмырын ана тілін ардақтауға арнаған ғұлама ғалым, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, академик Өмірзақ Айтбайұлы өмірден озды.

Өмірзақ Айтбайұлы Түркістан облысы Отырар ауданына қарасты Балтакөл ауылында 1936 жылдың 5 сәуірде дүниеге келген. 1959 жылы қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 1959-1962 жылдары - «Социалистік Қазақстан» газетінде, 1962-1999 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясы Тіл білімі институтының кіші, аға ғылыми қызметкері болып, 1995-1996 жылдары - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының профессоры болып қызметтер атқарған. Тіршілігінде 550-ден астам ғылыми еңбегі жарық көрген. Тіпті, күрделі ғылыми тақырыптарға да жетекшілік жасаған.

Мұрат Жұрынов, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті:

Аударма теориясы, терминалогия осы өте бір артта қалған сала еді. Мына совет үкіметі мұндай салаларды қолдаған жоқ. Бірақ осы саланы ең қиын саланы Өмірзақ Айтбайұлы соның керектігін терең түсіне отырып соны қолына алды. Қазақ ғылымы, қазақ халқы өзінің өте бір талантты ғалымынан, талантты ұлынан ажырап қалды. Бұл орны толмас қаза. Өйткені, Өмірзақ Айтбайұлы сияқты ғалымдарымыз саусақпен санарлық. Өте сирек еді.

Бауыржан ЖАҚСЫМБЕТ 


Хабарламаларға жазылу