Мемлекет басшысының Абай туралы мақаласы қызу талқылануда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысының Абай туралы мақаласы қызу талқылануда

09.01.2020

Екі ғасыр бұрын Ұлы Абай шығармаларына арқау еткен құндылықтар әлі маңызын жойған жоқ. Керісінше оның мәні артып, өміршеңдігі дәлелденді. «Адамзаттың Абайы» атанған ақынның әдеби мұрасы сондықтан ұлтымыздың рухани жаңғыру жолындағы темірқазығы әрі шамшырағы секілді. Мемлекет басшысының «Абай және 21 ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын оқып, ой түйгендер осылай дейді. 

«Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба, Құмарланып шаттанба. Ойнап босқа күлуге. Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз». Абайдың бұл өлең жолдарын әрбір қазақ жатқа біледі. Қанша жыл өтсе де мәнді, мағыналы. Адамзат баласы білім мен ғылымның алға сүрейтін күш екенін ұғынды. Сапалы біліммен ғана биікті бағындыруға болатынына көз жеткізді. 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу