Петропавлда Жылу-электр орталығының жұмысшысы күйіп қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда Жылу-электр орталығының жұмысшысы күйіп қалды

09.01.2020

Петропавлда Жылу-электр орталығының қызметкері күйіп қалды. Оқиға 7 қаңтар күні болды. Қазандықты тазалау барысында 43 жастағы машинисті күлдің ыстық буы қарып өткен. Салдарынан денесін күйік шалған. Қазір ол жансақтау бөлімінде. Облыстық Еңбек инспекциясы мамандарының айтуынша, бұл іс бақылауға алынған.  

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу