Бүгіннен бастап Павлодар облысында 1-4 сынып оқушылары тегін тамақтанады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгіннен бастап Павлодар облысында 1-4 сынып оқушылары тегін тамақтанады

09.01.2020

Өңірдегі бастауыш сынып оқушылары 51 мыңнан асады. Оларды бір мезгіл ыстық тамақпен қамту үшін жергілікті бюджеттен 2,5 млрд. теңге қаржы бөлінді. Балаларға берілетін тағамның жұғымдылығы 745 калориядан кем болмайды. Ауқаттанар алдында жеткіншектер ас мәзіріне қарай өз қалауынша таңдау жасайды. 

Болат АМАНБАЕВ 

Хабарламаларға жазылу