Академик Өмірзақ Айтбаев дүниеден озды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Академик Өмірзақ Айтбаев дүниеден озды

09.01.2020
Академик Өмірзақ Айтбаев дүниеден озды

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, академик Өмірзақ Айтбаев дүниеден озды.

Бұл туралы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тiл бiлiмi институты өкілдері хабарлады.

Өмірзақ Айтбайұлы 1936 жылы 5 сәуірде Түркістан облысының Отырар ауданына қарасты Балтакөл ауылында дүниеге келген.

Филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі.

Ғалымның ғылыми-зерттеулерінің негізгі бағыттары қазақ тілінің лексикологиясы мен терминологиясы мәселелеріне арналды.

1989 жылдан халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті, 1996 жылдан бері бірінші президенті болды, 2004 жылдан бастап президенті.

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталған.

Фото:Ⓒtarlan.kz

Хабарламаларға жазылу