Аустралия билігі өртке байланысты бірнеше мың түйені өлтіру туралы шешім қабылдады⠀ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аустралия билігі өртке байланысты бірнеше мың түйені өлтіру туралы шешім қабылдады⠀

08.01.2020
Аустралия билігі өртке байланысты бірнеше мың түйені өлтіру туралы шешім қабылдады⠀

Аустралия билігі ормандағы өртті сөндіруге қажет судың жетіспеуіне байланысты бірнеше мың түйені өлтіруге шешім қабылдады, - деп хабарлайды The Hill.

Басылым мәліметінше, аймақтағы аптап пен қуаңшылықтың салдарынан жануарларға су әдеттегіден көбірек керек. Ал бұл жергілікті ортада бейберекетсіздікке алып келген. Түйелер қоршауларды сындырып, үйлерге жиі кіріп кетеді, су іздеп кондиционерлерді бұзады екен.

Түз тағыларын жою операциясы бүгін басталды және ол елдің солтүстігінде жүреді. Материктің бұл бөлігінде негізінен байырғы халық тұрады. Билік 5 күн ішінде 10 мыңға жуық түйені жоюды жоспарлап отыр. Өлтірілген жануарлардың денесін өртейді немесе көміп тастайды.

Хабарламаларға жазылу