Елорда әуежайының маңында автобус өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда әуежайының маңында автобус өртенді

08.01.2020
Елорда әуежайының маңында автобус өртенді

Елордадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының маңында №12 жолаушылар автобусынан өрт шықты.

«Бүгін сағат 9:00-де халықаралық әуежай маңында №12 автобустан өрт шықты. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ», - деп жазды «Астана ЛРТ» компаниясының баспасөз хатшысы Науат Азанбаева Facebook-тегі парақшасында.

Оның айтуынша, жүргізуші «сырт» еткен дыбысты естіген. Осыдан кейін автобуста өрт лап ете түскен. «Жүргізуші өз күшімен тілсіз жауды ауыздықтамақ болған. Алайда өшіре алмаған. Осыдан кейін ол өрт сөндіру қызметін шақырған. 

Оқиға орнына автобустан өрттің неліктен шыққанын анықтау үшін арнайы лаборатория мамандары жіберілген.

Хабарламаларға жазылу