Көкшетауда «Шексіз жұмыс» әлеуметтік жобасы іске асырыла бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда «Шексіз жұмыс» әлеуметтік жобасы іске асырыла бастады

06.01.2020

Көкшетауда мүмкіндігі шектеулі жандарға нарыққа қажетті мамандықтарды игеруге мүмкіндік беретін жаңа жоба іске асырыла бастады. «Шексіз жұмыс» әлеуметтік жобасы – көкшелік жастардың бастамасы. Оның аясында сұранысқа ие smm-маркетолог, графикалық дизайнер, копирайтинг және web-дизайнер сияқты мамандықтар бойынша білім алуға болады. Тың идеяны жергілікті билік те, кәсіпорындар да қолдап отыр. Сол себепті оқу – тегін. Ал кеткен шығынды әріптес кәсіпорындар өтейді. Оқуды бітіргендер кейін тап сол қаржы бөлген мекемелерде жұмыс істей алады. Бірақ ешқандай міндеттеу жоқ, бас тартса да өз еркі. Арадағы келісім осындай. Жоба бойынша биыл 200-ден астам адамды оқыту көзделіп отыр. Қазір курстарға жазылу жүріп жатыр. Оқу осы айда басталады. 

Ермек ЕЛБЕРГЕН 

Хабарламаларға жазылу