«Бизнес бастау» жобасы аясында 700-ге жуық адам кәсіп ашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бизнес бастау» жобасы аясында 700-ге жуық адам кәсіп ашты

06.01.2020

Маңғыстауда «Бизнес бастау» жобасы аясында 700-ге жуық адам кәсіп ашты. Олар мемлекеттік бағдарлама бойынша бизнесті дамытудың қыр-сырын үйреніп, грант жеңіп алғандар. 

Қазір осы кәсіпкерлердің 40 %-ы ауыл шаруашылық саласында өнім шығарады, ал, 60 %-ы қызмет көрсету бағытында кәсібін дамытуда. Бұған қоса олар кем дегенде 2 адамды жұмыспен қамтыды. Жалпы өткен жылы өңірде 2805 адам «Бизнес бастау» жобасы аясында білім алған. 

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу