Өзбекстанда Парламенттік сайлауға қайта дауыс берілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанда Парламенттік сайлауға қайта дауыс берілуде

05.01.2020
Өзбекстанда Парламенттік сайлауға қайта дауыс берілуде

2019 жыл 22 желтоқсанда өткен Өзбекстан Республикасы Жоғары Мәжілісінің Заң палатасы және халық Кеңесі депутаттығына сайлаулар нәтижесі бойынша республикалық 25 дауыс беру округінде қайта сайлау өтуі жайлы ОСК-ның қарары шыққан болатын. Өйткені, атаулы округтерде дауыс беру көрсеткіші Сайлау кодексінің белгіленген тәртібіне сай болмаған, деп хабарлайды ӨзА агенттігі.

ОСК-ның шешіміне орай қайта сайлау мерзімі 2020 жыл 5 қаңтарға белгіленіп, бүгін таңертеңнен бастап дауыс беру уақыты басталды. Еске сала келсек, 22 желтоқсанда өткен сайлау нәтижесі бойынша Өзбекстан Либералды-демократиялық партиясы ең көп дауыс жинаған еді. Олар ұсынған кандидаттың 43-і Заң палатасына депутат болып, парламентте басымдыққа қол жеткізді.

Хабарламаларға жазылу