Лионель Мессиді 2019 жылдың үздік спортшысы деп танылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лионель Мессиді 2019 жылдың үздік спортшысы деп танылды

31.12.2019
Лионель Мессиді 2019 жылдың үздік спортшысы деп танылды

Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығы (AIPS) «Барселонаның» аргентиналық шабуылшысы Лионель Мессиді 2019 жылдың үздік спортшысы деп таныды. Бұл туралы «Р-Спорт» жазды. 

Жеңімпаздар AIPS мүшелерінің дауыс беруі арқылы анықталған. Мессиге қауымдастық мүшелерінің 13,11 пайызы дауыс берген. Үздік үштікке кениялық жеңілатлет Элиуд Кипчоге (12,01 пайыз) мен испаниялық теннисші Рафаэль Надаль (9,38) енді. Ал әйелдер арасында үздік спортшы атағын америкалық гимнаст Симона Байлз алды. Оны дауыс берушілердің 15,04 пайызы таңдаған. ТОП-3 тізіміне америкалық футболшы Меган Рапино (13,51) мен ямайкалық жеңілатлет Шелли-Энн Фрейзер-Прайс (11,01) енген. AIPS жылдың үздік командасы деп англиялық «Ливерпульді» атады. Команда 2019 жылы футболдан Чемпиондар лигасы мен клубтар арасындағы әлем чемпионатында топ жарған.

Хабарламаларға жазылу