Спорт саңлақтары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Спорт саңлақтары марапатталды

30.12.2019

Сыр өңірі еліміздегі «Үздік спорттық аймақ» атанды. Қызылордалық спортшылар биыл Әлем және Азия біріншілігі секілді дүбірлі додаларда 170 медаль еншілеп, ел абыройын асқақтатты. Жалпы Қазақстан чемпионаттарында аймақ саңлақтары 1457 жүлде олжалаған. Мұндай толағай жетістік облыс спортында бұрын-соңды болмаған. Әсіресе, соның ішінде, «Қайсар» футбол клубы араға 20 жыл салып ел кубогын иеленіп, жанкүйерлерді қуанышқа бөледі. Ал жыл бойы жарқын жеңістерімен қуантқан мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева, былғары қолғап шебері Қамшыбек Қоңқабаев пен еркін күрес оғланы Дәулет Ниязбековтер 2019 жылдың үздік спортшылары деп танылды. Бүгінде 600-ге жуық қызылордалық Қазақстан ұлттық құрамасы сапында, ел намысын қорғап жүр. 

Әділбек СЕРІКҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу