Мирас Дәуленов ҚР Білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мирас Дәуленов ҚР Білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды

30.12.2019
Мирас Дәуленов ҚР Білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды

Мирас Дәуленов 1983 жылы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген, заң ғылымдары магистрі, Құқық саласы бойынша ғылым докторы (PhD). 

Еңбек жолын 2003 жылы бастаған. Әртүрлі жылдары заңгер ретінде жеке секторда жұмыс істеген.

2012 жылғы тамызда «Қазақ Гуманитарлық Заң университеті» АҚ Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі лауазымына тағайындалды. 

2015-2018 жылдары — М. С. Нәрікбаев атындағы  KAZGUU университетінің С. Зиманов атындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер Академиясының директоры – Басқарма Төрағасының орынбасары.                    

2018 жылдан бастап қазіргі таңға дейін — М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің С. Зиманов атындағы құқықтық және экономикалық зерттеулер Академиясының директоры – Провост.

primeminister.kz



Хабарламаларға жазылу