Перуде су тасқынынан 62 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Перуде су тасқынынан 62 адам қаза тапты

17.03.2017

Табиғи апаттан 70 шақты кісі жараланып, 8 мың үй қирап қалған. Бұдан өзге, 16 мың гектар егістік алқаптары су астында қалып, 1200 шақырым жол бұзылған.

Тасқыннан ауызсу жүйесі де істен шықты. Құтқарушылар халықты өзен маңына жақындамауға шақырып отыр. Өйткені, құрбандардың көбінің денесі сол жерлерден табылған.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу