Зардап шеккен жақындарына бармақ болғандарға ұшақтағы орындарын беріп жатқан азаматтар бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зардап шеккен жақындарына бармақ болғандарға ұшақтағы орындарын беріп жатқан азаматтар бар

28.12.2019

Әуе апатынан зардап шеккен жақындарына дереу бармақ болғандарға ұшақтағы өз орындарын беріп жатқан азаматтар да бар. Бұл туралы «Air Astana» әуекомпаниясының өкілдері айтты. Олардың сөзінше, мұндай жағдай Нұр-Сұлтан әуежайында болған. Соның арқасында Алматыға шұғыл жетуге тырысқан 6 адамға орын табылған. Ал, жалпы бір тәуліктің ішінде зардап шеккендер мен қаза тапқандардың жақын туысы болып келетін 33 азамат Нұр-Сұлтаннан Алматыға жеткізілген. Олардың көбі ұшақтағы бос орындарға және қосымша ашылған рейстерге мінгізілген.

Аманкелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу