Апатқа ұшыраған ұшақтың керосинін төгу жұмыстары жүргізілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Апатқа ұшыраған ұшақтың керосинін төгу жұмыстары жүргізілуде

28.12.2019

Алматыдағы ұшақ апаты болған жерде төтенше жағдайлар қызметі белсенді түрде жұмыстар атқаруда.

Қазір бұл маңайда 400-ге жуық жеке құрам мен ауыр техникалар жұмылдырылған. Сонымен бірге, тәртіп сақшылары маңайға шеп қойып бақылауға алған. 

Бұдан бөлек, Алматы қаласы мен Алматы облысы және тұрғындардың ұйымдастыруымен ас әзірленіп қызметте жүргендерге берілуде. Сол секілді арнайы тергеу жұмыстары да басталған. Мамандардың айтуы бойынша қазіргі сәтті апатқа ұшыраған ұшақтың керосинін төгу жұмыстары жүргізілуде. 

Бауыржан Жақсымбет

Хабарламаларға жазылу