Соңғы мәліметтер бойынша ұшақ апатынан 12 адам қаза тапқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соңғы мәліметтер бойынша ұшақ апатынан 12 адам қаза тапқан

27.12.2019
Соңғы мәліметтер бойынша ұшақ апатынан 12 адам қаза тапқан

Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына бағыт алған «Bek Air» компаниясының ұшағы апатқа ұшырады.

Бортта 95 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған.

Оқиға орнында құтқарушылар, медицина қызметкерлері мен құқық қорғау органдарының қызметшілері жұмыс істеп жатыр. Үкімет арнайы комиссия құрды. Эвакуация жүргізіліп жатыр.

Ұлттық арна тілшілері оқиға орнында жүр. Апаттың мән-жайын алдағы уақытта тікелей эфирде баяндайтын боламыз.

Соңғы мәліметтер бойынша 12 адам қаза тапқан, зардап шеккендер саны - 12.

Оқиға бойынша жедел желі іске қосылды: 8 (7172) 53-32-84.

Алматы облысы бойынша ТЖД 8 (7282) 22-02-13, 22-02-18.

Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД 8 (7172) 24-52-12, 24- 51-71, 24- 51- 47.

Хабарламаларға жазылу