Маңғыстауда түйелер белгісіз індетке шалдықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда түйелер белгісіз індетке шалдықты

26.12.2019

Мамандар жарты жылдан бері ауруды анықтай алмай келеді. Тамыз айында Қарақия ауданындағы малдан шыққан жұқпалы дерт бүгінде бүкіл өңірге тарап үлгерген. Осы кезге дейін 1 мыңнан астам түйе ауырған. Алайда мамандар мал шығыны жоқ деп отыр. 

Аурудың белгілері барлық түйеде бірдей. Малдың ауыз қуысы, ерні мен мұрны қабынып, жем-шөп түгілі су ішуден қалады. Қазір мамандар зертханаға жіберген бірнеше сынаманың нәтижесін күтіп отыр.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу