Түркия Ливияға әскер жібереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия Ливияға әскер жібереді

26.12.2019

Түркия жауынгерлері солтүстік африкалық елдің оппозициясына емес, халықаралық деңгейде мойындалған үкіметіне көмектеспек. Мұны президент Реджеп Тайып Ердоған бүгін мәлімдеді. Сонымен қатар Ердоған Ливияға контингент аттандыру туралы заң жобасын парламентке жаңа жылдан кейін ұсынатынын айтты. Бұл құжат қаңтардың 8-9-ы күндері қабылдануы мүмкін.

Айта кетсек, қазір Ливияның Ұлттық келісім үкіметі елдің шығысында Ресейге, Мысырға, Араб Әмірліктеріне сүйенген генерал Халифа Хафтар күштерімен соғысып жатыр. 

Өткен аптада Ердоған Мәскеудің Хафтарға көмекке жалдамалы әскер жібергеніне үнсіз қарап отыра алмайтынын ескерткен еді.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу