Қайырымдылық қоры жаңа жылдық мереке өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайырымдылық қоры жаңа жылдық мереке өткізді

26.12.2019

Бүгін «Асыл бала» қайырымдылық қоры елорда мен Ақмола облысының кішкентай тұрғындарына арнап жаңа жылдық мереке өткізді. Бүлдіршіндерге арнайы сыйлық табысталып, тәтті тағамдар ұсынылды. Кешке қатысқандардың ішінде мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған отбасыдан және балалар үйі тәрбиеленушілері болды. 620 бала анимациялық шоуға куә болып, сырғанақ тебуге тегін билет алды. Айта кетейік, келер жылы «Асыл бала» қорына 5 жыл толады. Игі іспен айналысатын ұйым осындай қуанышқа толы шараларды жыл сайын ұйымдастырып келеді. 

Фариза Мұсақызы


Хабарламаларға жазылу