АҚШ Ресейге қарсы киберсоғыс тактикасын жасап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Ресейге қарсы киберсоғыс тактикасын жасап жатыр

26.12.2019
АҚШ Ресейге қарсы киберсоғыс тактикасын жасап жатыр

АҚШ Қарулы Күштерінің киберқолбасшылығы Ресейге қарсы ақпараттық соғыс жүргізу тактикасын жасауда. Бұл туралы The Washington Post жариялады.

Газетке АҚШ әскери күштерінің Ресейдің жоғары лауазымды шенеуніктері мен бизнесмендеріне қарсы кибероперацияларын жүргізуге дайындалып жатқаны белгілі болған. Шабуылды бастау туралы бұйрық Мәскеу сайлау жүйелерін бұзуға немесе сайлаушылар арасында алауыздық тудыруға әрекет жасау арқылы 2020 жылы АҚШ сайлауына араласуға тырысса берілуі мүмкін.

Басылымға сұхбат берген эксперттер Ресей басшысы Владимир Путиннің шабуылдың нысанасына айналуы екіталай екенін түсіндірді. Мұндай жағдайда Мәскеу АҚШ-тың әрекеттерін тым арандатушылық деп санайды.

17 маусымда Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Америка Құрама Штаттарымен кибершабуыл гипотетикалық тұрғыдан мүмкін екенін айтты. Оның айтуынша, Мәскеу киберқауіпсіздік мәселелері бойынша ынтымақтастық орнатуға бірнеше рет тырысты, бірақ американдық тарап бұл ұсыныстарды елемеді. Песков сондай-ақ, тиісті ведомстволар Ресей экономикасы мен оның сезімтал аймақтарына шабуылдың алдын алу үшін жұмыс істеп жатқанын атап өттті.

Естеріңізге сала кетейік, Песков соңғы жылдары Ресейдің мемлекеттік департаменттеріне, маңызды инфрақұрылым мен бұқаралық ақпарат құралдарына дәйекті кибершабуылдар болды деп мәлімдеген еді.

Lenta.ru


Хабарламаларға жазылу