Президенттік жастар кадр резервіне алынған 300 жас қазақстандық анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттік жастар кадр резервіне алынған 300 жас қазақстандық анықталды

25.12.2019

Олардың тізіміне жеке сектордан 102 өкіл, квазимемлекеттік сектордан 98 және 96 мемлекеттік қызметші кірді. Қазіргі уақытта жастар әр сала бойынша бөлінген. Олардың кейбіреуі жақын арада мемлекеттік лауазымдарға тағайындалуы мүмкін деді мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы Анар Жайылғанова. Енді 2020 жылы агенттік әрбір резервші үшін жеке жоспар дайындайды.

Енді үміткерлерді қызметке әкімдер мен министрлер өздері шақыруы мүмкін немесе Президент Әкімшілігі ұсыныс білдіреді. Үшінші жолы – Мемлекет басшысының өзі тағайындауы мүмкін. 

Саламат Омаш

Хабарламаларға жазылу