Пиротехникалық өнімдерден 6 үлкен өрт шыққан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пиротехникалық өнімдерден 6 үлкен өрт шыққан

25.12.2019

Соңғы 3 жылда жаңа жылды мерекелеу кезінде пиротехникалық өнімдерден 6 үлкен өрт шығып, шыршалардың отқа орануы салдарынан 42 адам жарақаттанған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Мамандар сақтық шараларына ерекше көңіл бөлуге шақырады. Өйткені, мерекелік кештер өтетін орындарды тексеру барысында 5 мыңдай қауіпсіздік талаптарын бұзу дерегі анықталған. Сондай-ақ, заңсыз сатқан 3 мыңнан астам отшашу тәркіленген. Мамандар мас күйінде пиротехникалық өнімдерді пайдаланбауға, жел кезінде фейерверк атудан бас тартуға, балаларды шыршаның жанында қараусыз қалдырмауға шақырып отыр. 

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу