Жалақысы 105 620 846 теңге болатын жұмысқа конкурс жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жалақысы 105 620 846 теңге болатын жұмысқа конкурс жарияланды

25.12.2019
Жалақысы 105 620 846 теңге болатын жұмысқа конкурс жарияланды

Australian Antarctic Division (Аустралиялық Антарктидалық бөлім) Антарктида станциясында бос жұмыс орындары конкурсын жариялады. 

Бұл конкурсқа әлемнің кез келген нүктесіндегі кез келген мемлекеттің азаматы қатыса алады. Тек конкурс шарттарына сай келсе болғаны.

Конкурс 2 кезеңнен тұрады.

1-кезең: Жеке қасиеттері бойынша критерийлер;

2-кезең: Басқа да критерийлер.

Жұмыс іздеушілерге ұсынатын жылдық жалақы мөлшері 32 539 700 теңгеден басталады. Жалақыдан бөлек әлеуметтік жәрдемақы де төленеді. 

Мысалы дәрігерлердің жылдық жалақысы 76 181 379 теңге, ал жылдық жәрдемақысы 29 439 466 теңге, екеуін қосқандағы жылдық табысы - 105 620 846 теңге.

Табиғатты қорғау және зерттеу департаментінің ресми сайтындағы байқау туралы ақпаратта Антарктиданың Кейси, Дэвис, Моусон, Уилкинс станцияларында жұмыс істейтіні жазылған. Еске сала кетейік, бұл станцияларда ауа райы — 45C°-қа дейін төмендейді. Әрі ылғалдылық деңгейі жоғары. 

Сондай-ақ, қызметкердің техникалық мүмкіндіктерімен қатар психологиялық, медициналық жағынан сәйкестігімен қатар жеке қасиеттері де ескеріледі. Сондай-ақ, конкурсқа қатысушының отбасылық жағдайы да сәйкес болуы керек. Яғни, оның Антарктидағы жұмысына ешнәрсе кедергі келтірмеуі керек. Сонымен бірге, ауыр жұмыс істеуі, биіктікте жүруі, кез келген қажетті ресурс тапшылығы болуы мүмкін екендігі жазылған. 

Мынадай мамандар қажет:

1. Дала жаттығулары бойынша офицер (Field Training Officer);

2. Станция жабдықтау бөлімінің қызметкері (Station Supply Officer);

3. Аспаз (Chef);

4. Cу көлігі операторлары(Watercraft Operators);

5. Дәрігер (Antarctic Medical Practitioner);

6. Коммуникация операторы (Communications Operator);

7. Комммуникация монтаждаушысы (Communications Rigger);

8. Ақпараттық технологиялар офицері (Information Technology Officer);

9. Коммуникациялық станцияның техникалық офицері (Station Communications Technical Officer);

10. Электрик (Electrician);

11. Дәнекерлеуші (Boilermaker/Welder);

12. Құрылыс саласында қызмет көрсету жетекшісі (Building Services Supervisor);

13. Шебер (Carpenter);

14. Инженерия саласында қызмет көрсету жетекшісі (Engineering Services Supervisor);

15. Металл жонушы (Turner);

16. Су құбырын жөндеуші (plumber);

17. Монтаждаушы (Rigger);

18. Бетон өңдеуші (concreter); 

19. Экспедиция механигі (Expedition Mechanic);

20. Механика бойынша станция жетекшісі (a Station Mechanical Supervisor);

21. Электроника инженері (Electronics Engineer);

22. Станцияның дала операторы (Station Plant Operator);

23. Аэдром зауытының көмек көрсету бойынша офицері (The Aerodrome Camp Support Officer);

24. Аэдром зауытының дала бойынша офицері (Aerodrome Plant Operator);

25. Станция лидері (Station leader).

Осы шарттарға сәйкес келсеңіз, 2020 жылдың 23 қаңтарына дейін өтініш бере аласыз.


Хабарламаларға жазылу