Проблемалық ипотекалық борышкерлердің қарызы азаяды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Проблемалық ипотекалық борышкерлердің қарызы азаяды

25.12.2019
Проблемалық ипотекалық борышкерлердің қарызы азаяды

Олар енді қарызды жеңілдетілген кесте бойынша төлей алады. Сондай-ақ, банктің балансында тұрған үйлерді кері сатып алу үшін несие рәсімдеуге немесе кейін сатып алу мүмкіндігімен жалға беру құқығына ие болады.

Ұлттық банк осы мақсатта ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асырмақ. 

Бұл шаралар 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

«Өзгерістер 44,6 млрд теңге сомасында берешегі бар 7 355 қарыз алушыны қолдауға мүмкіндік береді. Проблемалық ипотекалық қарыз алушылармен, оның ішінде ХӘОТ-қа жататын азаматтардың санаттарымен одан әрі жұмысты Үкіметтің тапсырмасы бойынша құрылған жұмыс топтары шеңберінде әкімдіктер жеке тәртіппен жүзеге асырады», делінген бас банктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Ұлттық Банк қарыз алушыларды қолдауға 130 млрд теңге бөлді.

Хабарламаларға жазылу