Қостанай облысында 20 млн жыл бұрын тіршілік еткен балық табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында 20 млн жыл бұрын тіршілік еткен балық табылды

25.12.2019
Қостанай облысында 20 млн жыл бұрын тіршілік еткен балық табылды

Рудный қаласының Қашар кентінде 20 млн жыл бұрын тіршілік еткен балықтың сүйегі табылды.

Ежелгі заманда тіршілік еткен балық Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатының Қашар карьерін өңдеу кезінде табылған. «Капитал Авто» мердігерлік компаниясының қызметкерлері экскаватормен қазып жатқанда ежелгі балықтың қаңқасын байқап қалған. 

«Ертеректе бұл маңды мұхит суы басқан деген дерек бар. Балық түрлерінің тіршілік еткені мәлім. Бұған дейін де балықтардың тістерін, омыртқасы мен басқа да қалдықтарын тапқанбыз. Алайда балық сүйегінің толық күйінде табылуы бірінші рет болып отыр. Балықтың палеоген кезеңінде, шамамен 20 млн жыл бұрын тіршілік еткені анықталды», - дейді комбинаттың бас геологы Николай Соломин. 

Геологтың сөзінше, ежелгі балық Қашар тау-кен өңдеу кешенінің музейіне қойылады.

inform.kz

Хабарламаларға жазылу