Елімізде әйелдер, балалар және егде жастағы адамдардың құқығын қорғайтын агенттік құрылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде әйелдер, балалар және егде жастағы адамдардың құқығын қорғайтын агенттік құрылуы мүмкін

24.12.2019

Елімізде әйелдер, балалар және егде жастағы адамдардың құқығын қорғайтын агенттік құрылуы мүмкін. Мұндай ұсынысты Қазақстан әйелдер күштері альянсы жасады. Аталған құрылым осы бірлестік жанынан ашылып, отбасы істерімен айналысатын болады. Ұйым өздерінің ұсыныстары бойынша жол картасын жасап, оны Сенат төрағасы Дариға Назарбаеваға таныстырды. Құжатқа әйелдердің өмір сүру сапасын жақсартуға арналған іс шаралар енді. Айта кетейік, «Қазақстан әйелдер күштерінің Альянсы» өз жұмысын осы жылдың қыркүйек айында бастаған. Бүгінгі таңда оның құрамына 20-дан аса үкіметтік емес ұйым кіреді. Олар әйелдер мен балалар құқықтарының бұзылуының алдын алумен, гендерлік теңсіздікпен және әйелдерді саясатта, қоғамдық қызметте ілгерілетумен айналысады. Жол картасы келесі жылдан бастап жүзеге асырылады.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу