Келер жылы еліміз бойынша 6 мың шақырымға жуық жол салынады

24.12.2019

Елімізде алдағы жылы 6 мың шақырымға жуық жол салынады. Бүгін Үкіметте «Қазавтожол» мекемесі мен тайвандық Eastern Electronic компаниясы және қазақстандық консорциум үш жақты меморандумға қол қойды. Маңызды келісім «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы республикалық маңызы бар ақылы жолдарды ұзартуды көздейді. Жобаны іске асыру екі кезеңнен тұрады. Келер жылы 5 мың 700 шақырым, ал 2021-2024 жылдары 5 мың 300 шақырым жол салу көзделген. Сөйтіп Қарағанды – Балқаш - Алматы және Талдықорған - Қалбатау - Өскемен бағытындағы тас жолдар тақтайдай болмақ. Ауқымды жұмыс 25 миллиард теңге көлеміндегі инвестицияға іске асырылмақ.

Досжан МАРАТҰЛ


Хабарламаларға жазылу