Алматыда ғалымдар қоғам қайраткері Ақай Нүсіпбековті еске алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ғалымдар қоғам қайраткері Ақай Нүсіпбековті еске алды

24.12.2019

«Рухани жаңғыру» - ұлттық сананың серпілісі. Ал ұлт тарихын ұлықтау ұрпақ парызы. Алматыда бас қосқан танымал тарихшылар осылай дейді.

Белгілі ғалымдар ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы және ІІ Дүниежүзілік соғыстағы қазақтардың ерлігі туралы талай зерттеген тарихшы Ақай Нүсіпбековтің осы салаға сіңірген еңбегіне тоқталып, оның бастамасын жалғастыру қажет екендігін айтты. 

Өйткені биыл қоғам қайраткерінің туғанына - 110 жыл. Көрнекті ғалым қазақ жерлерінің біртұтас мемлекет ретінде қалыптасуын алғаш зерттеп, тың еңбектер жазған.

Нұрхан Нұрланұлы  

Хабарламаларға жазылу