Интернеттегі алаяқтар 1000-нан астам Қазақстандықты тақырға отырғызған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Интернеттегі алаяқтар 1000-нан астам Қазақстандықты тақырға отырғызған

24.12.2019
Интернеттегі алаяқтар 1000-нан астам Қазақстандықты тақырға отырғызған

Ішкі істер министрлігі алаяқтардың қазақстандықтардың банктік карталарының мәліметтерін қалай қолға түсіретінін айтты. ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2019 жылдың басынан бері Интернеттегі алаяқтықтың мыңнан астам фактісі анықталған. 388 адам ұсталды, олардың жартысына жуығы бірнеше адамды алдаған. Заманауи технологиялар әртүрлі аймақтар мен елдерде отырып, дүниенің басқа шетіндегі адамды алдауға мүмкіндік береді. Мысалы, жазда екі мыңнан астам қазақстандық түрік хакерлерінен зардап шеккен.

Сондай-ақ, министрлік интернеттегі алаяқтықтың ең «танымал» түрлерін атады:

1. Сайттардағы жарнамалар;

2. Жеке деректерді ұрлау;

3. Пәтер, т.б. жылжымайтын мүлікке қатысты алаяқтық;

4. «Табыс әкелетін» бизнеске инвестиция салғызу;

5. Жалған интернет магазиндер, сайттар арқылы;

6. «Қайырымдылық»;

7. Онлайн кредит рәсімдеу;

8. Ірі банктердің жалған көшірмелерін жасау арқылы;

Министрлік азаматтарға бірнеше кеңесер береді:

1. Өз жеке мәліметтеріңізді (карта туралы ақпарат, аударым чектері, код немесе код сөздер) ешкімге айтпаңыз;

2. Картаның құпия сөзін жиі өзгертіп тұрыңыз. Құпия сөзді табу қиындық тудыратындай болуы керек;

3. Қауіпсіздік шараларын қолданыңыз: sms немесе  IP мекен-жайын мақұлдау;

4. Банк қызметкері ешқашан код сөзді сұрап хабарлама жазбайтынын немесе хабарласпайтынын есте сақтаңыз;

5. Банктердің мобильді қосымшасын қолданыңыз. Осы арқылы өз ақшаңыздың қозғалысын бақылай аласыз;

6.Егер сізге картаңыздың бұғатталғаны туралы хабарлама келсе, ол номерге қайта хабарласпаңыз. Банкке хабарласыңыз;

7. Түсініксіз сілтемеге өтпеңіз. Ол вирус болуы мүмкін;

8. Хабарлама сіздің танысыңыздан келсе де ол хабарламаны танысыңыздың жібергеніне көз жеткізіңіз;

9. Жеке мәліметтеріңізді (логин, пароль, жеке құжаттар, т.б.) бөтен адамдарға көрсетпеңіз.


Хабарламаларға жазылу