Қарағандыда үздік бейнеблог авторлары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда үздік бейнеблог авторлары анықталды

23.12.2019

Байқау «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» атты стратегиялық маңызды мақалаларды негізге ала отырып ұйымдастырылған. Әуесқойлар сайысына отыздан астам өтініш тапсырылып, іріктеуден кейін 9 адам жүлдеге ие болды. Байқау мектеп оқушылары, кәсіптік білім беру мекемелері студенттері және музей қызметкерлері арасында өткізілді. Қатысушылардың жұмысы 15-тен 30 жасқа дейін екі топқа бөлініп сараланды. Бейнероликтердің ұзақтығы 3-5 минутты құрайды. Жеңімпаздардың бірі - Қуаныш Тыныбекұлы. Ол өз жұмысын Сәкен Сейфулиннің 125 жылдығына арнаған.Түсірілім жұмысы бір жарым ай жүрген. Өйткені туынды қысқа болғанымен тарихты зерделеуді, шығармашылық ізденісті қажет етеді,-дейді автор.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу