Зағиптар күніне орай қайырымдылық іс-шара өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зағиптар күніне орай қайырымдылық іс-шара өтті

23.12.2019

Алматыда халықаралық зағиптар күніне орай «Қараңғыда кешкі ас» атты қайырымдылық шара өтті.

Аталған жобаның мақсаты он екі мүшесі сау адамдарға зағиптардың күйін бір сәтке болса да сезіндіріп, мүмкіндігі шектеулі жандарға қол ұшын созу. Ал шара барысында жанарынан айырылған жандар концерттік бағдарлама ұсынды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, қараңғыда тамақтанудың денсаулыққа пайдалы екендігі ғылыми тұрғыда дәлелденген. Айта кетейік, қазір шаһарда мыңнан астам жанарынан айырылған жан бар. Мамандар олардың қоғамнан бөлінбей, тең дәрежеде өмір сүруі үшін түрлі жағдай жасауда. Мәселен, бағдаршамдарға дабылды дыбыстар орнатылып, арнайы жолақтар көптеп салына бастаған. Сонымен бірге, енді аялдамаға келген әр автобусты хабарлайтын қондырғылар орнату жоспарланып отыр.

Бауыржан ЖАҚСЫМБЕТ


Хабарламаларға жазылу