«Теско» қытайлық фабрикамен жұмыс істеуді тоқтатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Теско» қытайлық фабрикамен жұмыс істеуді тоқтатты

23.12.2019

Ұлыбританияның «Теско» супермаркеттер желісі жаңажылдық ашық хат шығаратын. Өйткені, ол кәсіпорында сотталғандар құлдыққа жегілді деген күдік бар. 

Айта кетсек, жексенбі күні Лондонда тұратын 6 жасар қыз сатып алған хаттардан түрмеде отырғандардың шағымы кездесті. Оларда: «Біз - Шанхайдың Цинпу абақтысына қамалған шетелдіктерміз. Мұнда еркімізден тыс жұмыс істетеді. Көмектесіңіздерші, адам құқығын қорғау ұйымдарына жағдайымызды хабарлаңыздаршы» деп жазылған. 

Алайда, бүгін Қытай Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасап, Шанхай түрмесінде өзге елдердің азаматтары еріксіз жұмысқа тартылғанын жоққа шығарып, хаттағы шағымды журналистердің әзілі деп атап өтті.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу