Зейнетақы жарнасын енгізу мерзімі 2023 жылға дейін шегерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зейнетақы жарнасын енгізу мерзімі 2023 жылға дейін шегерілді

20.12.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саяси партияларды тіркеу үшін партия мүшелері санының ең төменгі шегін екі есеге азайтуды ұсынды. Яғни, 40 мыңнан 20 мыңға. Бұл қоғамдағы азаматтық белсенділікті арттыруға қосымша мүмкіндік береді. Жалпы, біз партияларға және сайлауға қатысты заңдарды бірте-бірте өзгертуіміз керек,-деді президент. Нұр-Сұлтанда өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында саяси және әлеуметтік мәселелер жан-жақты талқыланып, бірнеше ұсыныс айтылды. Мәселен, келер жылдан бастап Ұлттық Банк Ұлттық Қор трансферттерінің валюта нарығындағы айырбасын ай сайын жариялап отыруы тиіс. Сондай-ақ, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарнасын енгізу мерзімі 2023 жылға дейін шегерілді. Микро және шағын бизнес өкілдері табыс салығынан 3 жылға дейін босатылды. Өз сөзінде Президент қоғамды митингілер мәдениетіне дағдылануға да шақырды.


Аманкелді СЕЙІТХАН    

Хабарламаларға жазылу