Балаларды шығармашылық дамыту орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балаларды шығармашылық дамыту орталығы ашылды

20.12.2019

Ол үшін қаладағы ескі ғимараттардың бірі қайта қалпына келтірілген. Қазір онда өлкетану және туризм, жасыл технологиялар, робототехника, бейнелеу өнері сынды бірнеше бағыттағы үйірмелер жұмыс істейді. Мекеме заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Мұнда гидропоника, дендрология және гүл өсіру үйірмелерінің тәрбиеленушілері экотехнологияларды қолдануда. Бұл - өлке климатына төзімді ағаштар мен өсімдіктерді өсіру, қаланы көгалдандыру жөніндегі жобаларды жүзеге асыруға арналған тәжірибе алаңы.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу