Өнер адамдары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өнер адамдары марапатталды

19.12.2019

Алматыда қазақ мәдениетінің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген өнер адамдары марапатталды.

Мемлекеттік және қоғамдық қызметте еңбек етіп, елдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне атсалысқандарға мемлекеттік наградаларды Мәдениет және спорт министрі табыс етті. Мәдениет майталмандарының қатарында Халық әртісі Бибігүл Төлегенова бар. Бұлбұл әнші 1-дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Сонымен қатар, бірнеше азаматтың еңбегі еленіп, құрмет көрсетілді.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ 

Хабарламаларға жазылу